Алматыда көлік тізгіндеген жас жігіт жол апатына түсіп, қыршын кетті

Сурет: Zakon.kz
2026 жылғы 29 қаңтарға қараған түні Алматы қаласында жеңіл автокөлік ағашқа соғылып, салдарынан 2005 жылғы жүргізуші қаза болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Hyundai Accent маркалы автокөлік Құлжа тас жолымен солтүстік бағытта қозғалып келе жатқан. Қайрат шағынауданына бұрылыстан кейін, әзірге белгісіз себептермен көлік жол жиегіне қарай ауытқып, бордюрге шығып кетіп, жоғары жылдамдықпен ағашқа соғылған.

Сурет: Zakon.kz

Қатты соққының салдарынан автокөлік қайтадан жолдың жүріс бөлігіне ұшып түскен.

Сурет: Zakon.kz

Ауыр жарақат алған жүргізуші жедел жәрдем келгенге дейін оқиға орнында көз жұмды. Марқұмның 2005 жылы туғаны анықталды.

Сурет: Zakon.kz

Арнайы құрылғылардың мәліметіне сәйкес, көлік рұқсат етілген 60 км/сағ жылдамдықпен қозғалған. Алайда ағашқа соғылғаннан кейін автокөліктің спидометрі 100 км/сағ көрсеткішінде тоқтап қалған.

Сурет: Zakon.kz

Сурет: Zakon.kz

Қазіргі уақытта жол-көлік оқиғасының барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Бұған дейін Алматыда таңға жуық жол апаты болып, үш адам ауруханаға түскенін жазғанбыз.

Алматы
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды