Семейде колония аумағына есірткі лақтырмақ болған азамат сотталды

Фото: pexels
28 жастағы Семей қаласының тұрғыны ұялы телефон арқылы бейтаныс адаммен келіссөздер жүргізген. Бейтаныс адам есірткіні колония аумағына лақтырып беруді сұрап ақшалай сыйақы беретінін айтқан.

Аталған азамат ақша үшін ұсынысына келісім берген. Алайда, лақтыру әрекеті кезінде оны тыйым салынған заттардың өтуіне жол бермеу мақсатында сыртқы периметрді патрульдеуді жүзеге асырған мекеме қызметкерлері оқиға орнында ұстады.

Сот ер адамды кінәлі деп тауып, оған алты жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Қазіргі уақытта сотталған азамат сот тағайындаған жазасын өтеп жатыр.

"Кез келген тыйым салынған затты лақтыру әрекеті мекеменің қауіпсіздігіне тікелей қауіп төндіреді. Қызметкерлердің кәсібилігі мен қырағылығының арқасында мұндай қылмыстар уақтылы анықталып, тоқтатылады. Периметрді қорғау бойынша жұмыс тәулік бойы жүргізіледі, есірткі құралдары мен басқа да тыйым салынған заттарды жеткізу әрекеттері үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылған", — деп атап өтті мекеме бастығының орынбасары Айдын Калелов.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Павлодарда зейнеткерді тонамақ болған күдікті ұсталды

17 наурыз – "Шаңырақ күні". Қазақта "Шаңырақ көтеру" атты ерекше салт-дәстүр болған

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Қазақстанда бірыңғай уақыт белдеуі белгіленеді

Жапаров Тоқаевты жалпыхалықтық референдумның табысты өтуімен құттықтады