Оралда түнгі клубтарға жаппай тексеру жүргізіліп, бірқатар заңбұзушылықтар анықталды

Фото: polisia.kz
Орал қаласында полиция қызметкерлері түнгі ойын-сауық орындарына профилактикалық рейдтік іс-шаралар өткізді.

Шараны қалалық полиция басқармасы жедел бөлімшелермен бірлесіп, жылдам қимылдайтын арнайы жасақтың қатысуымен ұйымдастырды.

Санкцияланған тінту барысында 56-дан астам азамат тексеріліп, көңіл көтеру орындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін күзет құрылымдарының қызметі тексерілді.

Бірқатар әкімшілік құқық бұзушылықтар анықталды. Құқық қорғау органдары кәмелетке толмаған келушілерге ерекше назар аударды.

Тексеру нәтижесінде 21 жасқа толмаған 11 адам анықталды. Олардың бесеуі медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес жеңіл дәрежедегі алкогольдік масаң күйде болған. Жасөспірімдердің айтуынша, спирттік ішімдіктер тікелей түнгі мекемеде сатып алынған.

Сондай-ақ күзет қызметкерлерінен тыйым салынған заттар тәркіленді: екі пышақ, бір электршокер және бұрыш спрейі. Клубтардың бірін тексеру барысында тоғыз кальян құрылғысы алынды.

Ал екінші қабаттағы дәретханадан электронды темекілер (вейптер) және ақ түсті ұнтақ тәрізді заты бар бір zip-пакет табылып, тәркіленді. Қалалық полиция басқармасының бастығы Нұрлан Бисенов мұндай іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасатынын атап өтті.

"Рейдтердің негізгі мақсаты – құқық бұзушылықтардың алдын алу, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету. Біз "Заң және тәртіп" қағидаты бойынша жұмыс істейміз және профилактикаға басымдық береміз. Бұл шара "Қауіпсіз өңір" кешенді жобасы аясында өткізілуде, – деді ол.

Тексерулер азаматтардан бұрын шағым түскен ойын-сауық орындарын да қамтыды. Анықталған деректер бойынша барлық материалдар құқықтық баға беру және процессуалдық шешім қабылдау үшін уәкілетті органдарға жолданды.

Орал
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

15 ақпанда Алматының бірқатар көшесінде қозғалыс уақытша шектеледі

13 ақпанда қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Алматыда ер адам оқушы қызға пышақ ала жүгірген

Жаңа Конституция: адами капиталды дамыту – мемлекеттің стратегиялық бағыттарының бірі ретінде айқындалды

Мемлекет басшысы республикалық референдум өткiзу туралы Жарлыққа қол қойды