3,1 млрд теңгелік онлайн-казино ісі: күдіктіге халықаралық іздеу жарияланды

Фото: unsplash
Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі Маңғыстау облысы бойынша департаменті Рантик Бахтияр Оглына қатысты тергеу жүргізіп жатыр. Ол заңсыз ойын бизнесін, яғни онлайн-казино ұйымдастырды деген күдікке ілінген.

Ведомствоның 2026 жылғы 18 ақпанда таратқан мәліметіне сәйкес, платформаның жұмысы үшін bingo37.pro сервисі пайдаланылған. Бұл ресурс мыңнан астам құмар ойын түріне қолжетімділік берген. Олардың қатарында Crazy Monkey, Keno, Euro Game және басқа да танымал ойындар бар.

Ойыншыларды тарту Telegram және WhatsApp мессенджерлері арқылы жүргізілген. Онда жарнамалық, фото және бейнематериалдар, түрлі акциялар мен бонустық бағдарламалар туралы ұсыныстар таратылып, қолданушыларда жеңіл әрі жылдам ұтысқа қол жеткізуге болады деген түсінік қалыптастырылған. Ақша аударылғаннан кейін ойыншыларға платформаға кіруге арналған логиндер мен құпиясөздер берілген.

Ойыншылардан қаражат қабылдау және қаржы ағындарын жасыру мақсатында күдікті Грузия мен Тәжікстан азаматтарын — дроперлерді тартқан. Олар Қазақстан аумағына әдейі келіп, банк шоттары мен абоненттік нөмірлерді тіркеп, кейін оларды пайдаланбай, қолжетімділікті ұйымдастырушыға тапсырған.

Нәтижесінде дроперлердің атына тіркелген шоттар арқылы 3,1 млрд теңгеден астам қаражат түскен.

Сонымен қатар, үшінші тұлғалардың атына рәсімделген екі автокөлікке — PORSCHE CAYENNE және LEXUS GX 460 сот қаулысымен мемлекет кірісіне тәркіленді.

Тергеу жалғасуда.

ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Ақтау
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

15 ақпанда Алматының бірқатар көшесінде қозғалыс уақытша шектеледі

13 ақпанда қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Алматыда ер адам оқушы қызға пышақ ала жүгірген

Жаңа Конституция: адами капиталды дамыту – мемлекеттің стратегиялық бағыттарының бірі ретінде айқындалды

Мемлекет басшысы республикалық референдум өткiзу туралы Жарлыққа қол қойды