Экологтар дабыл қақты: Каспий теңізі түбінен көтерілген шаң Атырауға қарай соғуда

Сурет: Instagram/atyrauecodep
Каспий теңізінің таяз түбінен шаң көтеріліп, Атырау қаласына қарай соғуда. Бұл туралы 2026 жылы 27 ақпанда облыстық экология департаменті ескертті, деп хабарлайды Zakon.kz.

27 ақпанда,  болжам бойынша, Каспий теңізінің таяз түбінен шаңды дауыл көтеріліп, Атырау қаласының аумағына қарай соғуда. Қазгидрометтің мәліметіне сәйкес, желдің жылдамдығы секундына 10-13 метрге дейін жетеді, бағыты – оңтүстік-шығыс, теңіз жағынан.

"Ауа мониторингі станцияларында ластаушы заттардың шекті көлемі рұқсат етілген нормалардан асып кетуі байқалмайды.ТЖД және Ақжайық резерватының мәліметтері бойынша, қазіргі уақытта облыс аумағында өрт жағдайлары тіркелген жоқ. Атырау облысы бойынша экология департаменті шаңды дауыл кезінде қатты қажеттілік болмаған жағдайда үйде болуды ұсынады". Атырау облысының экология департаменті

Өз кезегінде Экология департаментімен атмосфералық ауаның сапасына тұрақты түрде мониторинг жұмыстары жүргізіліп жатқаны нақтыланады. 

Бұған дейін Қазақстан 51 жыл бойы сақталған температуралық рекордты жаңартқаны хабарланған.

Атырау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Соңғы алты күнде "Семей орманында" 15 өрт ошағы анықталған

Алматыда жүгіру эстафетасына байланысты көлік қозғалысы шектеледі

Құрылтай сайлауында қай партиялар сайлау жарнасын төлейді

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді