Шымкентте жаңа Конституцияны қолдауға арналған мурал салынды

Сурет: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі
Шымкент қаласында жаңа Конституцияны қолдау мақсатында көп қабатты тұрғын үйдің қасбетіне ауқымды мурал салынды.

Нұрсәт-2 шағын ауданындағы №17 үйге салынған туындының биіктігі 14 метрді, ал, ені 10 метрді құрайды.

"Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!" жалпыұлттық коалициясының қолдауымен салынған жаңа мурал – еліміздегі саяси жаңғыру үдерістерінің, әділетті қоғам құру жолындағы батыл қадамдардың көркем бейнесі.

Сурет: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Онда Конституциялық реформаның мәні, халық еркі мен бірлігінің маңызы, заң үстемдігі мен азаматтық жауапкершілік идеялары заманауи көркемдік тәсілдер арқылы айшықталған.

Айта кетейік, Жаңа Конституция жобасы елдің дамуындағы іргелі мәселелерді қамтып, мемлекеттілікті нығайтуға және құқықтық жүйені жетілдіруге бағытталған.

Аталған құжатты қабылдау бойынша республикалық референдум 2026 жылғы 15 наурызда өтеді.

Қазақстан
Шымкент

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тікұшақ Қырғызстан тауларынан екі альпинистің мәйітін түсірді: үшіншісінің жағдайы қандай

Қазақстандық таеквондошы Қытайдағы халықаралық турнирде қола медаль иеленді

2026 жылдың шілдесінен бастап қазақстандықтардың өмірінде не өзгереді

"Экономикадағы әрбір алтыншы теңге көзден таса қалуда". Сарапшы экономиканың бақыланбайтын тұстарын атады

"Құдаласып, киіт кигізу". Желіде қазақтың дәстүрлі сый-кәдесі қызу талқыға түсіп жатыр