Оралда криминалдық полиция қызметкерлері із-түзсіз жоғалған үш адамды бір тәулікте тапты

Фото: Zakon.kz
Орал қаласында бір тәулік ішінде криминалдық полиция қызметкерлері бұрын із-түзсіз жоғалған үш азаматты анықтап, тапты.

Бірінші жағдайда 2014 жылы туған бала жоғалып кеткен. Оны іздеуге БҚО полиция департаментінің барлық бөлімшелері жұмылдырылды.

Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде бала қаланың сауда-ойын-сауық орталықтарының бірінен табылды. Ол ата-анасына тапсырылды.

Оның өмірі мен денсаулығына ешқандай қауіп жоқ. Екінші жағдайда полиция қызметкерлері 1993 жылы туған, шамамен жарты жыл бойы үйіне келмеген әйелді тапты. Ақпан айының соңында оның анасы полицияға жүгініп, тамыз айынан бері қызын көрмегенін хабарлаған.

Іздестіру шаралары барысында әйелдің мекенжайы анықталып, анасымен кездесті. Сондай-ақ полицейлер 1994 жылы туған жас жігітті тапты. Ол 2 наурыз күні кешке үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған. Оның жүріп өткен бағыты жедел басқару орталығының бейнебақылау камералары арқылы тіркелген.

Нәтижесінде ер адам қаңырап бос тұрған үйлердің бірінен аман-есен табылды. Оның ақыл-есі кем екені анықталды. Қазіргі уақытта ол ата-анасына тапсырылды.

Полиция азаматтарды балаларға мұқият болуға, жақындарының жоғалғаны туралы дереу хабарлауға, туыстарымен байланыста болуға және ерекше қамқорлық пен назарды қажет ететін адамдарға аса көңіл бөлуге шақырады.

Қазақстан
Орал

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Агроөнеркәсіптен бастап ЖИ-ге дейін: Қазақстан мен Қытай 15 миллиард долларлық қандай келісімдерге келді

"Сынап бағаны 47 градусқа дейін көтеріледі". Еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Ақмола облысында аса ірі мөлшерде ақша қаражатын ұрлау фактісі тергелуде

Балағат сөз үшін қандай жағдайда және қанша айыппұл салынады

Білім беру гранттарының конкурсы: абитуринеттер қандай құжаттар тапсыру керек