Иранның көгінде пайда болған "қышқылды бұлттар" Қазақстанға жетуі мүмкін бе - мамандар жауабы

Сурет: pixabay
Әлеуметтік желіде Иранның көгінде Орталық Азия елдеріне жетуі мүмкін "қышқылды бұлттар" пайда болғаны туралы ақпарат тарап жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" мұндай хабарламалар бақылау деректерімен расталмағанын мәлімдейді.

"Орталық Азия елдеріне жетуі мүмкін Иранның көгіндегі "қышқылды бұлттары" туралы ақпарат ғылыми немесе бақылау деректерімен расталмаған. Қышқылды жауын-шашын атмосфераға, негізінен, өнеркәсіп, энергетика және көлік арқылы шығарылатын күкірт пен азот оксидтерінен түзіледі және, әдетте, ластаушы көздердің маңында болады. Ауа массасын ұзақ қашықтыққа тасымалдау кезінде бұл заттардың концентрациясы табиғи атмосфералық процестерге байланысты айтарлықтай төмендейді". "Қазгидромет" мемлекеттік кәсіпорны

Мониторинг деректері бойынша, мұндай ластану көзінің Қазақстан мен Орталық Азия елдеріне өту белгілері анықталған жоқ. Осыған байланысты сарапшылар ұлттық метеорологиялық және экологиялық қызметтердің ресми деректеріне сүйеніп, тексерілмеген ақпаратты таратудан бас тартуды ұсынады, делінген хабарламада.

Бұған дейін "Қазгидромет" РМК 2026 жылғы 10 наурызда Астана, Алматы, Шымкент қалаларында және Қазақстанның барлық 17 облысында қолайсыз ауа райына байланысты дауылды ескерту жариялаған болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Бірыңғай QR-код арқылы төлем жасағанда комиссияны кім төлейді – банк пе, сатушы ма, әлде сатып алушы ма

Қазақстанда әскери есепке алу ережелері өзгерді

ҰТО "грантқа түсіреміз" деген хабарламаларға қатысты ескерту жасады

ІІМ жаңа медициналық тексеру ережелері туралы қауесеттен кейін жүргізушілерге үндеу жасады

Қарағандыда арнайы жасақ көпшілік орында бір топ жасты құрықтады: оған не себеп