Үлестік құрылыс саласындағы қызметтер электронды форматқа көшіріледі

Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Өнеркәсіп және құрылыс министрінің үлескерлердің қаражатын тартуға рұқсат беру қағидаларына өзгерістер енгізу туралы бұйрық жобасы дайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атап айтқанда, бұйрық жобасында:

Министрліктің пікірінше, бұл қадам үлестік құрылыс саласындағы барлық мемлекеттік қызметтерді Qazreestr ақпараттық жүйесінде шоғырландыруға мүмкіндік береді.

Осыған байланысты тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласындағы заңға тәуелді нормативтік-құқықтық актілерді "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сәулет, қала құрылысы және құрылыс мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне цифрландыру, көлік және кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңдарға сәйкестендіру жоспарланып отыр.

Құжат 25 наурызға дейін қоғамдық талқылау үшін "Ашық НҚА" порталында жарияланды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі