Шымбұлақта ресейлік сноубордшы жолдан шығып, жыраға құлап кетті – құтқару сәті видеоға түсті

Сурет: unsplash
Алматы қаласының Медеу ауданында орналасқан "Шымбұлақ" тау шаңғысы курортының аумағында түн ортасында құтқару операциясы жүргізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі 2026 жылғы 11 наурызда мәлімдегендей, шамамен түнгі сағат 01:00-де Ресейдің 25 жастағы азаматы жыраға құлап кеткен.

Оқиға орнына құтқару қызметі мен "Шымбұлақ" тау шаңғысы курортының мамандары жедел түрде жетті.

"Оқиға орнына келген құтқарушылар жыраға түсіп, альпинистік құрал-жабдықтар мен арқанның көмегімен зардап шеккен азаматты жоғарыға шығарды. Тексеру барысында ер адамға медициналық көмек қажет емес екені анықталды", – деп хабарлады ведомство.

Туристің айтуынша, ол Шымбұлаққа сноуборд тебу үшін келген, алайда трассадан шығып кетіп, жыраға құлап кеткен. Ол өзіне көмек көрсеткен құтқарушылар мен медицина қызметкерлеріне алғыс білдірді.

Құтқарушылар Алматы тауларында әлі де қар жатқанын еске салып, тұрғындар мен туристерді тау беткейлерінде қозғалған кезде қауіпсіздік ережелерін сақтауға және барынша сақ болуға шақырды.

Айта кетейік, ақпан айының соңында Алматыдағы Сайран көлінде итті құтқару операциясы жүргізілген болатын.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Қазақстандықтар 2026 жылғы шілдеде қанша күн демалады

Тоқаев Digital Qazaqstan жалпыұлттық стратегиясын бекіту туралы жарлыққа қол қойды

Жанар-жағармайды заңсыз әкету: полиция мұнай өнімдерінен пайда табатындарға бақылауды күшейтті