Қазақстандық әйел 30 жыл бойы көріспеген әкесін іздеп жүр

Сурет: freepik
Ақмолалық әйел шамамен 30 жыл бойы көрмеген, хабар алыспаған әкесін іздеуде, деп хабарлайды Zakon.kz.

Sinegor.kz басылымының 2026 жылғы 15 наурыздағы мәліметінше, жылдар бойы Петропавл қаласында тұрып келген Жанна Мұстафина әкесіне қатысты қандай да бір ақпарат табамын деген үмітпен арнайы Көкшетауға келген. Ол 1964 жылы туған Сергей Викторович Поповты іздестіріп жатыр.

Әйелдің айтуынша, олар соңғы рет 1999 жылы Көкшетау қаласында кездескен. Одан кейін жолдары екіге айырылып, байланыс мүлде үзілген.

Жанна арада қанша жыл өтсе де, қала тұрғындарының арасынан әкесін танитын немесе оның қазір қайда жүргені туралы қандай да бір мәлімет беретін адамдар табылады деп үміттеніп отыр.

"Сергей Викторович Поповты танитын немесе ол туралы қандай да бір ақпарат білетін азаматтардан 8 776 176 62 76 нөміріне хабарласуды сұраймыз. Кез келген мәлімет маңызды болуы мүмкін. Мүмкін дәл сіздің көмегіңіз отбасының қайта қауышуына себеп болар", – делінген хабарламада.

Бұған дейін Петропавлда құтқарушылар құдыққа құлап кеткен күшікті аман алып шыққанын жазғанбыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі