Петропавлда құтқарушылар құдыққа құлап кеткен күшікті аман алып шықты
Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Петропавл қаласында Пржевальский көшесінде, №3 қалалық аурухана маңында құтқарушылар құдыққа құлап кеткен күшікке көмек көрсетті, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметіне сүйенсек, бірнеше бала құдыққа кішкентай күшіктің құлап кеткенін байқап қалған. Балалар қатты алаңдап, сасқалақтамай жақын маңдағы дүкенге жүгіріп барып, ондағы әйелден құтқарушыларды шақыруды сұраған.
"Оқиға орнына келген мамандар апаттық-құтқару құралдарының көмегімен темір люк қақпағын абайлап ашты. Содан кейін бір құтқарушы құдыққа түсіп, қорқып қалғанымен тірі күшікті абайлап шығарып алды. Жануар зардап шеккен жоқ".ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Бұған дейін Атырауда жоғары сынып оқушысы 12 жастағы қызға пышақпен шабуыл жасағанын жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript