45 мың теңгелік iPhone 17 Pro Max: Шымкентте алаяқтық жасаған күдікті құрықталды

Фото: pexels
Шымкент қаласы полиция департаментінің киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері интернет-алаяқтықтың бірнеше дерегіне қатысы бар күдікті әйелді анықтап, ұстады.

Күдікті танымал хабарландыру қосымшасында қымбат смартфондарды арзан бағада сату туралы жалған ақпарат жариялаған.

Атап айтқанда, iPhone 17 Pro Max телефонын нарықтағы құнынан әлдеқайда төмен бағамен – 45 мың теңгеге сататынын көрсеткен.

Тиімді ұсынысқа сенген қала тұрғындарының бірі "сатушымен" байланысып, көрсетілген шотқа ақшаны аударған.

Алайда қаражатты алғаннан кейін әйел байланысқа шығуды тоқтатқан. Күдіктінің осыған ұқсас тәсілмен жасалған 4 алаяқтық дерегіне қатысы бар екені анықталды.

Қазіргі таңда тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Полиция азаматтарға онлайн сатып алу кезінде сақ болуды ескертеді. Бейтаныс адамдарға ақша аудармаңыздар және хабарландырулардың шынайылығын мұқият тексеріңіздер.

Қазақстан
Шымкент

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

16 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Еңбек кодексі: тамыз айында не өзгереді және жұмыс берушілер нені білуі керек

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді