Алматыда оқушы қыздың қаза болуына байланысты қылмыстық іс қозғалды

Фото: Zakon.kz
Алматы қаласында жеке мектептердің бірінде оқитын 7-сынып оқушысының қайтыс болу фактісі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Полиция оқиғаны "Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу" бабы бойынша тергеп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Astana TV телеарнасының 2026 жылғы 17 наурыздағы мәліметінше, алдын ала болжам бойынша, қайғылы жағдайға оқудағы үлгерім мәселелері мен мектеп бағаларына байланысты қысым себеп болуы мүмкін.

Оқу орнының әкімшілігі жағдайға қатысты пікір білдіріп, оқиға мектеп аумағынан тыс жерде болғанын нақтылады.

"Аталған дерек бойынша Бостандық ауданы Полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның себептері мен мән-жайлары анықталуда", – деп мәлімдеді Алматы қалалық Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Бұған дейін Оралда 16 жастағы қызды зорлады деп айыпталған экс-шенеуніктің көз жұмғанын жазғанбыз.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Нөсер жаңбыр жауып, үсік жүреді". Еліміз бойынша 5 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Ақтөбеде неке сарайында бұрынғы күйеуі пышақтап кеткен әйелдің екі баласы жетімдер үйіне орналастырылды

Павлодар облысында оқушы қыздар зорланған

Қазақстанның мемлекеттік қарызы 38,8 трлн теңгеге жетті: Қаржы министрлігі түсініктеме берді

Мұғалімдерді бағалаудың жаңа өлшемі енгізіледі