Оңтүстікте 500 теңге үшін екі бауыр соққыға жығылды

Фото: pexels
Арыс қаласында екі бауырды 500 теңге үшін ұрып кеткені туралы ақпарат желіде таралуда, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әлеуметтік желідегі жарияланымға сәйкес, 16 және 30 жастағы екі бауырды бір топ жігіт ұрған. Оқиғаның себебі – жарамсыз 500 теңгелік банкнота. Сондай-ақ шабуылдаушылар дүкеннің мүлкін бүлдіріп, кейбір тауарларды ұрлағаны айтылған.

Оқиғадан кейін зардап шеккендерге ауруханада қорқыту мақсатында барған адамдар туралы да хабарланған.

Zakon.kz тілшісінің сауалына Туркістан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі былай деп нақтылады: аудан орталығындағы бір дүкенде болған жанжал туралы хабарлама полицияға 2026 жылғы 12 наурызда түскен.

"Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жедел іздестіру шаралары барысында оқиғаға қатысушылар анықталып, полиция бөлімшесіне жеткізілді. Қазіргі уақытта алдын ала тергеу топпен жасалған бұзақылық әрекетке қатысты жүргізілуде", – деп хабарлады Туркістан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Белгілі болғандай, екі күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына жеткізілген.

Қазір жан-жақты және әділ тергеуді қамтамасыз етуге бағытталған процессуалдық шаралар кешені жүргізілуде.

Тергеу мүддесіне қатысты басқа ақпарат Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды.

Қорытынды бөлімде тәртіп сақшылары кез келген қоғамдық тәртіпті бұзу, зорлық-зомбылық қолдану немесе оны қолдану қаупімен байланысты әрекеттер үшін жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы барын ескертті.

Бқған дейін, Жетісу облысындағы Жансүгіров ауылының 62 жастағы тұрғынының көмек пен қорғау сұрап жолдаған үндеуі туралы жазған болатынбыз. Қазақстандық ер адам екі ұлының оны жүйелі түрде ұрып, ақша талап ететінін атап өткен.

Түркістан
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаевқа республикалық референдум нәтижесіне орай құттықтау жеделхаттары түсті

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады

17 наурызда елдің қай өңірлерінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Павлодарда зейнеткерді тонамақ болған күдікті ұсталды