Павлодарда науқастардың шақыруына барған фельдшер оларды алдап, ақша жымқырып келген

Фото: пресс-служба акимата Алматы
Павлодар облысында науқастардың сеніміне кіріп, ақша жымқырған фельдшер сотталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Железин аудандық сотының мәліметіне сүйенсек, фельдшерге қатысты ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру, ақпараттық жүйеге заңсыз қол жеткізу арқылы бірнеше рет жасау, сонымен қатар қызмет бабын пайдалана отырып алаяқтық жасауға оқталу фактісі бойынша қылмыстық іс қаралды.

"Сотталушы 2025 жылдың желтоқсан айында фельдшер болып жұмыс істеп, өзінің қызмет бабын және пациенттердің сенімін пайдалана отырып, олардың ұялы телефондары мен банк қосымшаларына бірнеше рет қол жеткізгені анықталды. Көмек көрсету сылтауымен ол құпия сөздерді біліп алып, заңсыз операциялар жасаған". Железин аудандық соты

Бір жағдайда ол пациенттің шотынан бөгде шотқа 50 000 теңге аударған. Басқа эпизодтарда пациенттердің атына несие рәсімдеуге әрекет жасаған, сондай-ақ банк карталарының деректерін үшінші тұлғаларға беру арқылы ақшалай қаражатты жымқырған. Жалпы келтірілген залал сомасы 300 000 теңгеден астам.

Сот талқылау барысында сотталушы өз кінәсін толық мойындап, өкінгенін білдіріп, келтірілген залалды толық өтеді. Сот жеңілдететін мән-жайлар ретінде – кінәсін мойындауын, өкінуін, жас балаларының болуын, залалды өтеуін ескере отырып, фельдшерді барлық баптар бойынша кінәлі деп танып, оған пробациялық бақылау белгілеумен 3 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады.

Үкім заңды күшіне енді.

Павлодар
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаевқа республикалық референдум нәтижесіне орай құттықтау жеделхаттары түсті

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады

17 наурызда елдің қай өңірлерінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Павлодарда зейнеткерді тонамақ болған күдікті ұсталды