Алматыда жедел жәрдем станциясының қызметкерлеріне пышақпен шабуыл жасалды

Фото: pexels
Алматыда жедел жәрдем дәрігерлеріне шабуыл жасалды. Оқиға бейнежазбаға түсіп қалған. деп хабарлайды Zakon.kz.

Кадрларда жартылай жалаңаш ер адам жедел жәрдем көлігінің ішіне кіруге тырысқан сәт көрсетілген, оның қолында пышақ бар. Қасында тұрған ер адам оны тартып алған.

"Алматыда ер адам алдымен дәрігерлерді пәтерге қамап қорқытқан, ал олар шыққан соң пышақпен қуған", – делінген сипаттамада.

Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Жетісу аудандық полиция басқармасы аталған факті бойынша "Медициналық қызметкерге немесе жедел жәрдем көлігінің жүргізушісіне қарсы зорлық-зомбылық немесе қауіп төндіру" бойынша қылмыстық іс қозғады.

Полиция мәліметінше, жедел жәрдем бригадасы пациентке шақыртуға барған кезде, сол жерде тұрған оның ұлы алкогольдік мас күйде агрессивті әрекет жасап, қорқытып, қауіпті заттарды көрсеткен. Медициналық қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін полиция шақыртылған. Құқық бұзушы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі таңда оқиғаның толық және әділ тергеуі үшін қажетті тергеу іс-шаралары жүргізілуде.

Алматы полициясы азаматтарды заңдылықты сақтауға, медициналық қызметкерлер мен құқық қорғау органдары қызметкерлеріне құрметпен қарауға, провокацияға берілмеуге және тек ресми ақпаратқа сенуге шақырады.

Еске сала кетейік, 2026 жылғы 7 наурыздан бастап Қазақстанда Қылмыстық кодекске енгізілген өзгерістер бойынша медициналық қызметкерлерге қарсы физикалық күш қолдану және қауіп төндіру жағдайында жазалау күшейтілген.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Еңбек кодексі: тамыз айында не өзгереді және жұмыс берушілер нені білуі керек

Қазақстанда вейптердің заңсыз айналымынан 276 мыңнан астам өнім тәркіленді

Ресейлік блогер Қазақстаннан шығарылып, елге кіруіне бес жылға тыйым салынды

Бейсенбіде еліміздің бірден 14 өңірінде аптап ыстық болатыны болжанады

Көп ұзамай Қазақстан тарихында алғаш рет Құрылтай сайлауы өтеді – Тоқаев