Көкшетаулық зейнеткер қоңырауға жауап беремін деп пәтері мен жиған қаржысынан айырылды

Фото: Zakon.kz
Көкшетауда 85 жастағы зейнеткер алаяқтардың арбауына түсіп, пәтерін сатып жіберген. Бұл туралы 2026 жылғы 2 сәуірде Ақмола облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша, келтірілген жалпы шығын көлемі 13 миллион теңгеден асады. Алаяқтардың арбауына түскен зейнеткер депозитте сақталған ақшасынан ғана емес, өз пәтерінен де айырылған.

Белгілі болғандай, алаяқтық схема 2025 жылдың желтоқсан айында басталған. Белгісіз адам өзін қалалық электр желісі қызметкері ретінде таныстырып, электр есептегішін ауыстыру сылтауымен зейнеткердің жеке деректерін иемденген.


"Биылғы жылдың наурыз айында әйелге қайтадан қоңыраулар түсе бастаған. Бұл жолы өзін әділет органдарының қызметкерлері ретінде таныстырған адамдар хабарласқан. Олар әйелді шатастырып, оның атына шетелге ақша аударымдары жасалып жатыр деп жалған ақпарат беріп, құжаттарды шұғыл түрде қайта рәсімдеуге көндірген", – деп мәлімдеді Ақмола облысы ПД баспасөз қызметі.

Психологиялық қысымның әсерінен зейнеткер депозитінде сақталған 3,4 миллион теңгеден астам ақшасын курьерге (дропперге) беріп жіберген. Кейін алаяқтардың нұсқауын орындап, өзіне тиесілі пәтерді 9,7 миллион теңгеге сатып, барлық қаражатты соларға тапсырған.

Пәтерді сату мәмілесі үшінші тұлғалардың – адвокат пен риелторлардың қатысуымен жүзеге асқан. Олар сатып алушы мен нотариусты өздері тауып берген. Тек бірнеше апта өткен соң ғана әйел өзінің алаяқтардың құрбаны болғанын түсініп, полицияға жүгінген.

"Жедел-іздестіру шаралары барысында киберқылмысқа қарсы бөлім қызметкерлері курьердің жеке басын анықтады. Ол Көкшетаудың 75 жастағы тұрғыны болып шықты. Ол да алаяқтық схемаға тартылып, жәбірленушіден алған ақшаны қылмыскерлерге аударып отырған", – деп мәлімдеді полиция.

Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Полиция департаменті азаматтарды тағы да сақ болуға шақырады: белгісіз адамдарға жеке деректеріңізді және банк шоттары туралы ақпаратты бермеңіздер, өзін мемлекеттік орган қызметкері ретінде таныстыратын адамдардың қоңырауына сенбеңіздер. Мұндай жағдайларда әңгімені дереу тоқтатып, полицияға немесе жақындарыңызға хабарласу қажет.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі