Астаналық тұрғын ақша алу үшін анасының қайтыс болғанын және баласының ауыр науқас екенін ойдан шығарған

Фото: Zakon.kz
Астана қаласының тұрғыны 2 миллион теңге көлемінде алаяқтық жасағаны үшін сотталды. Бұл туралы Астана қаласы прокуратурасының баспасөз қызметі Zakon.kz-ке хабарлады.

Тергеу мәліметінше, декреттік демалыста болған әйел бір жыл бойы әріптестерін алдап келген. Ол отбасы жағдайына байланысты қайғылы оқиғалар болды деп жалған ақпарат таратып, анасының қайтыс болғанын және баласының ауыр халде жатқанын айтқан. Осылайша ол адамдардан ақша алған.

Оның сөздеріне сенген және көмек көрсеткісі келген әріптестері, отбасылық мәселелерді шешуге және баланы емдеуге қажет деп ойлап, сотталған әйелге ақша қаражатын аударып отырған.

Қылмыстық әрекеттердің салдарынан жәбірленушілерге 2 млн теңгеден астам сомаға шығын келтірілген.

Жеңілдететін мән-жайларды, атап айтқанда кінәсін мойындауын, шын жүректен өкінуін, келтірілген залалды ішінара өтеуін ескере отырып, сот үкімімен оған 3 жыл мерзімге пробациялық бақылау белгілене отырып, бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енді.

Қала прокуратурасы материалдық көмек сұрау немесе қаражат жинау жағдайларында сақ болуға және ақпараттың дұрыстығын тексеруге кеңес береді. Астана қаласының прокуратурасы
Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент Әмірбек Оспанбековты қызметінен босатты

Қазақстанда 10 шілдеден бастап бірнеше автожол ақылы болады

WhatsApp-та жаңа функция пайда болады: бұл жаңалық бәріне бірдей ұнай бермеуі мүмкін

Қазақстанда бір күнде алты орман өрті тіркелді

2024 жылғы "Тәуелсіздік ұрпақтары" гранты иегерлерінің тізімі жарияланды