Қазақстанда қауіпті және ауыр жүк тасымалдау қағидалары жаңартылды

Фото: freepik
Қазақстанда автомобиль көлігімен қауіпті, ірі габаритті және ауыр салмақты жүктерді тасымалдау ережелеріне өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өзгерістер Көлік министрлігінің бұйрығымен бекітіліп, тасымалдарды реттеуді жетілдіруге бағытталған. Құжат Еуразиялық экономикалық одақ талаптарына сәйкестендіруді көздейді. Атап айтқанда, көлік құралдарының рұқсат етілген жалпы массасы, осьтік жүктемелері мен габариттік өлшемдері нақтыланды. Сонымен қатар бұл өзгерістер мүше мемлекеттер арасындағы көлік логистикасын дамытуға ықпал етеді.

Бұйрық аясында бірқатар қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Олар қауіпті жүктерді тасымалдау тәртібін, ірі габаритті және ауыр салмақты жүктерді ұйымдастыруды, сондай-ақ автокөліктердің рұқсат етілген параметрлерін қамтиды.

Сондай-ақ қауіпті жүктерді тасымалдау кезінде "Е" санатындағы тоннельдер арқылы өту тәртібі нақты реттелді. ДОПОГ талаптарына сәйкес, мұндай тоннельдер арқылы қауіпті жүк тасымалдауға шектеулер енгізіліп, тасымалдаушыларға алдын ала баламалы бағыттарды белгілеу міндеттелді.

Ірі габаритті және ауыр салмақты жүктерді тасымалдау барысында салмақ және габарит талаптарына бақылау күшейтілді.

Бұдан бөлек, рұқсат етілген нормалардан асқан жағдайда қозғалысты жалғастыру шарттары нақты айқындалып, жүріп өткен және алдағы жол учаскелері үшін төлем төлеу тәртібі белгіленді.

Қазақстанда қауіпті, ірі габаритті және ауыр салмақты жүктерді тасымалдауға қатысты мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен техникалық талаптар жаңартылды.

Жаңа өзгерістерге сәйкес, арнайы рұқсат беру қызметі енді "электрондық үкімет" порталы арқылы көрсетіледі. Қызмет өтініш берушінің тіркелген жері бойынша онлайн форматта рәсімделеді.

Сондай-ақ рұқсаттардың қолданылу мерзімдері қайта қаралды:

Бұдан бөлек, көлік құралдарының рұқсат етілген параметрлері жаңартылды. Осьтік жүктемелер нормалары осьтер арасындағы қашықтық пен дөңгелек түріне қарай нақтыланды. Сонымен қатар "жақын орналасқан осьтер тобы" ұғымы енгізіліп, жүктемені бөлу тәртібі белгіленді.

Жаңа талаптарға сәйкес, кейбір жағдайларда осьтік жүктемелердің шекті мөлшері ұлғайтылды. Бұл жүктемені тиімдірек бөліп, ауыр жүктерді тасымалдауға мүмкіндік береді.

Қабылданған өзгерістер жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға, автомобиль жолдарының сақталуын қамтамасыз етуге және тасымалдау қызметін реттеуді жетілдіруге бағытталған.

Құжат 2026 жылғы 25 сәуірден бастап күшіне енеді.

Қазақстан
Алматы облысы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі