Талдықорғанда жолдағы қауіпті әрекетке тосқауыл қойылды

Фото: pexels
Талдықорған қаласында полиция қызметкерлері қоғамдық тәртіп пен жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу дерегін анықтап, оның жолын кесті.

Оқиға әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында жарияланған бейнежазба негізінде белгілі болды. Аталған құқық бұзушылық түнгі уақытта Қабанбай батыр ескерткіші маңында орын алған.

Анықталғандай, қала тұрғыны BMW автокөлігін басқарып, жолдың жүріс бөлігінде әдейі қауіпті маневрлер жасап, айналмалы дрифт орындаған.

Оның бұл әрекеті қоғамдық тыныштықты бұзып қана қоймай, жаяу жүргіншілер мен өзге де жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына нақты қауіп төндірген.

Полиция қызметкерлері жедел түрде жүргізушінің жеке басын анықтап, оны жауапкершілікке тартты. Құқық бұзушыға қатысты тиісті әкімшілік материалдар рәсімделді. Сот отырысы барысында жас азамат өз кінәсін толық мойындап, жасаған ісіне өкініш білдірді.

Сот оны бірнеше бап бойынша — ұсақ бұзақылық және авариялық жағдай туындатқаны үшін кінәлі деп таныды. Істің барлық мән-жайын ескере отырып, құқық бұзушыға 7 тәулікке әкімшілік қамау түріндегі жаза тағайындалды.

"Жолдағы мұндай әрекеттер — жай ермек емес, ауыр құқық бұзушылық. Бұл қайғылы салдарға әкелуі мүмкін. Полиция қауіпті жүргізу деректерін қатаң түрде тоқтатуды жалғастырады", — деп атап өтті полицияның баспасөз қызметі.

Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету — полиция қызметінің басым бағыттарының бірі. Осыған байланысты азаматтарды жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға және рөлдегі жауапсыздықтың адам өміріне қауіп төндіретінін әрдайым есте ұстауға шақырамыз.

Қазақстан
Алматы облысы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Қызылордада жасөспірім бұрауыш жарақатынан көз жұмды: қайғылы оқиғаға 1000 теңге себеп болуы мүмкін