Қазақстан шекарасында малды заңсыз әкету әрекеті тоқтатылды

Сурет: polisia.kz
ҚР Ішкі істер министрлігі мал контрабандасының арнасын жойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полицейлердің айтуынша, қолданыстағы шектеулерге қарамастан, жекелеген тұлғалар жалған құжаттарды және қалыптасқан арналарды пайдалана отырып, малды заңсыз шығаруды ұйымдастыруға әрекеттенген.

"24 сәуір күні Түркістан облысында жедел ақпаратты іске асыру барысында малды заңсыз әкету әрекеті тоқтатылды. Мемлекеттік шекараны кесіп өту кезінде өткізу бекеттерінің бірінде шамамен 1000 бас ұсақ мал тиелген бірнеше жүк көлігі ұсталды. Осылайша ауыл шаруашылығы жануарларын елден заңсыз шығаруға жол берілмей, ішкі нарыққа кері әсердің алдын алуға және тапшылық тәуекелдерін болдырмауға мүмкіндік туды",- делінген ақпаратта.

Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр. Жануарлар мен көлік құралдары тәркіленді.

Бұған дейін Талдықорғанда жолдағы қауіпті әрекетке тосқауыл қойылғанын жазғанбыз.

Қазақстан
Түркістан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

"Өрт қаупі жоғары". Еліміздің барлық дерлік өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Шекарадағы кезек. Төбелес шығарған көпбалалы ана ақыры соттан бір-ақ шықты

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді