Шымкентте өзін экономикалық тергеу қызметкері ретінде таныстырған алаяқ ұсталды

Фото: pexels
Шымкент қаласы бойынша Қаржылық мониторинг агенттігі департаменті өзін экономикалық тергеп-тексеру қызметінің қызметкері ретінде таныстырған азаматтың заңсыз әрекетінің жолын кесті.

Ресми ақпаратты 2026 жылдың 4 мамырында Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі жариялады.

Тергеу мәліметінше, күдікті 2025 жылдың қыркүйек айында өзін ЭТҚ қызметкері ретінде таныстырып, жергілікті компаниялардың бірінің басшысын алдап соққан.

Ол медициналық мекемені тексеруге жататын субъектілер тізімінен шығарып беруге ықпал етемін деген желеумен 25 млн теңгені заңсыз иемденген.

Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді.

Қаржылық мониторинг агенттігі азаматтарды сақ болуға, күмәнді ұсыныстарға сенбеуге және ақпаратты тек ресми дереккөздер арқылы тексеруге шақырды.

Қазақстан
Шымкент

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Қар жауып, үсік жүреді". Еліміз бойынша 2 қарашаға арналған ауа райы болжамы

"Тұман түсіп, көктайғақ болады". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Алматыда жүргізушілерді наразылық акциясына шығуға үндеген ер адам 15 тәулікке қамалды

Жезқазғанда өрт кезінде төрт адам арнайы құтқару қалпақтарының көмегімен құтқарылды

Биыл Абай атындағы мемлекеттік сыйлық ешкімге бұйырмайтын болды