Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путинге екі елдің бірқатар сауда-экономикалық жобалары таныстырылды

Сурет: akorda.kz
Қазақстан мен Ресей президенттеріне өнеркәсіп кооперациясы саласындағы бірлескен жобалар көрсетілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорданың баспасөз қызметі берген ақпаратқа сай, бүгінде елімізде 3,5 мың бірлескен кәсіпорын және ресейлік капиталы бар 17 мыңнан аса компания жұмыс істейді.

Қазақстан мен Ресей өнеркәсіп кооперациясының портфелі жалпы құны 52,7 миллиард долларды құрайтын 177 бірлескен жобадан тұрады. Осы арқылы 60 мыңнан аса жұмыс орны ашылмақ.

Жобалар металлургия, мұнай химиясы және машина жасау салаларында табысты жүзеге асырылуда.

Атап айтқанда, Павлодар облысында теміржол саласындағы бағыттама бұрмаларын және тұтас илектелген дөңгелектер өндіруге арналған кәсіпорын жұмыс істеп тұр.

Ең ірі жобалардың бірі – Атырау облысындағы полипропилен өндірісі.

Қарағанды облысында бірлескен шина зауыты, Қостанай облысында шойын құймаларынан жүк көліктерінің бөлшектерін шығару жобасы іске қосылды.

Қазіргі уақытта химия өнеркәсібі, құрылыс материалдарын өндіру және шикізат өңдеуді дамыту бағытында жалпы сомасы 10 миллиард долларды құрайтын 24 жоба жүзеге асырылуда.

Аталған өндірістерді іске қосу жаңадан 11 мың жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.

Ресей
Қазақстан
Молния
Путин Владимир
Астана
Тоқаев Касым-Жомарт

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін