Алматыдағы түнгі жол апаты: бала шошып, ал анасы ауруханаға түсті

Сурет: Zakon.kz
7 маусымға қараған түні Volkswagen Tiguan мен Renault Duster көліктері соқтығысып, салдарынан көліктердің біріндегі жолаушы бала қатты шошып қалды, ал оның анасы Алматыдағы ауруханалардың біріне түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жол апаты Төле би көшесінің солтүстік бетіндегі шығыс айналма жолында болды. Renault жүргізушісінің айтуынша, шығыс айналма жолымен кетіп бара жатқанда жол апатын байқаған. Ол тоқтап, оқиға орнын айналып өту үшін бұрылыс белгісін қосып, оң жақ айнасына қарайды.

Сурет: Zakon.kz

Орнынан қозғалып үлгерместен артынан Volkswagen Tiguan бар жылдамдығымен келіп соғылады.  Әзірге анықталмаған жағдайларға байланысты ол бастапқыда ортаңғы қатармен келе жатқан, бірақ содан кейін Renault Duster-ге қарай оңға бұрылады, ал оның алдында бұған дейінгі жол апатына түскендер тұрған.

Сурет: Zakon.kz

Renault-тың жол апаты орнынан айналып өту үшін дөңгелектері солға бұралған, сондықтан күшті соққы кезінде ол жолдың қарсы бетіне қарай ұшып түскен. Салдарынан Renault Duster жолды бөліп тұрған темір қоршауға соғылады, Бұл оның қарсы қозғалыс бетіне түсуден аман алып қалады.

Сурет: Zakon.kz

Салонда жүргізушінің баласы мен жұбайы болған. Бала қатты шошып қалған. Оны дәрігерлер қарап, бірақ ауруханаға жатқызудың қажеттілі жоқ екенін айтқан. Сондай-ақ, жол-көлік оқиғасының басқа қатысушылары да оқиға орнында қаралды, олардың арасында Renault Duster жүргізушісінің жұбайы ауруханаға жатқызылды.

Осы жол-көлік оқиғасы салдарынан шығыс айналма жол бойымен солтүстік бағытта көлік кептелісі орын алды.  

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

ШҚО-ның Тарбағатай ауданында кен байыту комбинаты салынады

Қазақстандық оқушыға әлемнің 80-нен астам жетекші университетінен грант ұсынылды