Ақтөбеде жоқ жер телімдерін сатқан ер адам ұсталды

Фото: Zakon.kz
Ақтөбеде ер адам бірнеше азаматқа жоқ жер телімдерін сатқан, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полицияға Мәртөк ауданының тұрғыны арызбен жүгініп, белгісіз ер адамның облыс орталығынан жер телімін төмен бағамен сатып беруге уәде етіп, ақшасын иемденіп кеткенін хабарлаған.

"Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер 37 жастағы күдіктіні анықтап, полиция бөліміне жеткізді. Тексеру барысында күдіктінің меншігінде жер телімдері болмағанына және оларды сатуға құқығы жоқ екеніне қарамастан, азаматтарға тиімді бағамен жер телімдерін сататынын айтып, олардың сеніміне кіргені анықталды. Ақшаны алғаннан кейін өз міндеттемелерін орындамаған".Ақтөбе облысы ПД

Қазіргі уақытта күдіктінің осыған ұқсас тағы үш алаяқтық дерегіне қатысы бар екені анықталды. Келтірілген жалпы материалдық шығын көлемі 5 миллион теңгеден асты.

Аталған факті бойынша “Алаяқтық” бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Полицейлер күдіктінің басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығын тексеруде.

Бұған дейін Қарағанды облысында есірткі таратпақ болған жасөспірім 4,5 жылға сотталғанын жазғанбыз.

Қазақстан
Ақтөбе

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Қызылордада жасөспірім бұрауыш жарақатынан көз жұмды: қайғылы оқиғаға 1000 теңге себеп болуы мүмкін