Қарағанды облысында есірткі таратпақ болған жасөспірім 4,5 жылға сотталды

Тюрьма, тюрьмы, места лишения свободы, зона, решетка, лишение свободы, заключенный, заключенные, заключение, колония, место заключения, места заключения, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.06.2026 13:27 Фото: Zakon.kz
Қарағанды облысында есірткі заттарының заңсыз айналымына қатысты қылмыстық іс бойынша жасөспірімге қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

2025 жылдың қазан айында Пархоменко атындағы зауыт маңында серіктес қалалардың бірінің тұрғыны полиция қызметкерлерінің назарына ілінді. Ол синтетикалық есірткілерді жасырып кетуге арналған орындарды дайындау кезінде ұсталған.

Тексеру барысында кәмелетке толмаған күдіктінің жанынан синтетикалық есірткі салынған 40 түйіншек тәркіленді.

"Сараптама қорытындысына сәйкес, тыйым салынған заттардың жалпы салмағы 17,576 грамды құраған. Аталған дерек бойынша аса ірі мөлшердегі есірткі заттарын өткізу мақсатында заңсыз сақтау фактісімен қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында барлық қажетті сараптамалар жүргізіліп, іс бойынша дәлелдемелік база толық жинақталды",- делінген ақпаратта.

Осылайша, сот үкімімен жасөспірім 4 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Үкім заңды күшіне енді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: