Желідегі шудан соң Алматының орталығында ілінген, қазақшасы қате-қате баннер алынып тасталды

Сурет: видеодан алынды/КТК
Алматының орталық көшелерінің бірінде ілінген, Шоқан Уәлихановқа арналған қазақша баннердегі қате көптің ашуын туғызды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл мәселені КТК телеарнасының тілшілері қаузап, қатеге толы баннер жайынан әкімдіктің бейхабар екенін, оны құрылыс жүргізіп жатқан мердігер компания ешкіммен келіспей, өздігімен іліп қойғанын анықтады.

"Қатесі көп баннер әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр. Желі қолданушылары көрнекіліктегі қате қадағаланбағанын сынады. Тіпті, ғалымның тегіне дейін қате жазылған. Тұрғындар бір ғана ақпараттық стендтен бес қате тапқан. Көптің сынынан соң, көрнекі баннер дереу алынған. Атқамінерлер құрылыс компаниясына "қатаң ескерту жасадық" деп отыр", деп хабарлайды телеарна тілшісі.
"№56 мектепті қайта жаңғыртып жатқан мердігер ұйым – "Корпорация Астана Строй Инвест" ЖШС нысандағы баннерлерді жаңғырту жобасының әкімшісі құрылыс басқармасымен келіспестен, өз бетінше ауыстырған. Аталған факт анықталғаннан кейін, талаптарға сәйкес келмейтін баннерлер дереу алынып тасталды. Мердігер ұйымға енді кез келген ақпарат материалды алдын ала келісімсіз, өз бетінше ауыстыруға жол бермеу жөнінде қатаң тапсырма берілді". Алматы қаласының әкімдігі

Бұған дейін Қазақстанда қателері бар мектеп оқулықтары қашан жаңартылатынын жазғанбыз.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Нөсер жаңбыр жауып, үсік жүреді". Еліміз бойынша 5 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Ақтөбеде неке сарайында бұрынғы күйеуі пышақтап кеткен әйелдің екі баласы жетімдер үйіне орналастырылды

Павлодар облысында оқушы қыздар зорланған

5 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Мұғалімдерді бағалаудың жаңа өлшемі енгізіледі