Алматы облысында дәмхана өртеніп, ондағы көп газ баллон айналаға қауіп төндірді

Сурет: pixabay
Бүгін, 2026 жылы 17 маусымда Алматы облысының 112 пультіне Талғар ауданының Кендала ауылында орналасқан кафеге жапсарлас салынған кәуапхананың өртенгені туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға орнына ТЖМ күштері мен құралдары жедел түрде жіберілді.

"Өрт сөндірушілердің жедел әрекеттерінің арқасында жалынның кафе ғимаратына таралуына жол берілмеді. Өртті сөндіру барысында қауіпті аймақтан бес газ баллоны шығарылып, олардың жарылуының алды алынды. Құтқарушылар 22 минут ішінде 50 шаршы метр аумақтағы өртті толықтай сөндірді. Зардап шеккендер жоқ". ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Өрттің шығу себебі анықталуда.

Бұған дейін нөсер жаңбыр БҚО-дағы су қоймасын бір апаттан сақтап қалғанын жазғанбыз.

Алматы облысы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

Ерлан Қарин: Жаңа Конституция ел дамуындағы жаңа тарихи кезеңді бастайды

Қазан айында ел азаматтары қанша күн демалады

"Үсік жүріп, тұман түседі". Синоптиктер еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялады

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы