Түркияда жасырынып жүрген интернет-алаяқ Қазақстанға қайтарылды

Фото: pexels
Түркияда бой тасалап жүрген интернет-алаяқтыққа күдікті азамат Қазақстанға депортацияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, 2026 жылғы 19 маусымда халықаралық іздеуде жүрген ер адам Түркиядан Қазақстанға жеткізілген.

Күдікті Қазақстан ІІМ Интерпол ұлттық орталық бюросының сұрауы бойынша Түркияның Самсун қаласында ұсталған.

Тергеу деректеріне сәйкес, ол 2024 жылдың қыркүйек–желтоқсан айлары аралығында әлеуметтік желідегі Instagram аккаунты мен ақпараттық жүйелерді пайдаланып, алаяқтық жасаған. Ол алдау арқылы Атырау қаласының екі тұрғынынан жалпы сомасы 3 миллион теңгеден астам қаражат иемденген.

Қазіргі таңда күдікті Алматы қалалық полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Айта кетейік, бұған дейін, 2026 жылғы 20 маусымда, Қырғызстаннан Қазақстан азаматы экстрадицияланған болатын. Ол 16 жыл бұрын аса ірі көлемде есірткі заттарының контрабандасы мен заңсыз айналымы үшін сотталған. Сот үкімін орындау мақсатында ол елге қайтарылды.

Түркия
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

ІІМ 17 тонна жанар-жағармайдың заңсыз шығарылуына тосқауыл қойды

Қазақстан полициясы дрондарды басқаруға үйрететін арнайы зертхана ашты

Қазақстандықтар үшін маңызды мобильді қосымшаларға тәулік бойы тегін қолжетімділік қамтамасыз етіледі

Түркияда жасырынып жүрген интернет-алаяқ Қазақстанға қайтарылды

Мемлекеттік қызметшілерге сыйақы беру қағидалары өзгертілді