Павлодар облысында полицей суға батып бара жатқан ер адамды құтқарып қалды

Фото: pexels
Полиция қызметкерінің батылдығы мен жедел әрекетінің арқасында тағы бір адам өмірі аман қалды. Павлодар облысының Баянауыл ауданында қызмет атқару кезінде жылдам қимылдайтын арнайы жасақтың қызметкері Болатбек Досмағамбет Сабындыкөл көлінде көмекке мұқтаж азаматты байқап қалады.

Судағы ер адам өздігінен жағаға шыға алмай, көмек сұрап жатқан. Жағдайдың аса қауіпті екенін аңғарған полицей бір сәт те ойланбастан суға секіріп, батып бара жатқан азаматқа жүзіп жетеді. Ол ер адамды су бетінде ұстап тұрып, қауіпсіз жерге жеткізіп, жағаға алып шыққан.

Құтқарылған азаматқа алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, жедел жәрдем бригадасы келгенге дейін оның жағдайы бақылауда болды. Кейін ер адам медицина қызметкерлеріне тапсырылып, әрі қарай тексеруден өткізіліп, қажетті көмек көрсетілді.

Полиция қызметкерінің кәсібилігі, батылдығы мен азаматтық жауапкершілігі қайғылы жағдайдың алдын алуға мүмкіндік берді. Оның жедел әрі батыл әрекетінің арқасында адам өмірі сақталып қалды.

Бұл оқиға тәртіп сақшыларының қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолында тәулік сайын қызмет атқарып қана қоймай, адам өміріне қауіп төнген сәтте де көмекке келуге әрдайым дайын екенін тағы бір мәрте көрсетті.

Қазақстан
Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Димаш Құдайбергеннің әлемге әйгілі болуының сыры неде: Шоумен пікір білдірді

Елімізде 25 қыркүйек жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды

Каспийдегі әскери оқу-жаттығулар кезінде қаза тапқан сарбаздардың тізімі жарияланды

Нұрсұлтан Назарбаев Каспийдегі қайғылы оқиғаға байланысты көңіл айтты

"Құрметті азамат" атағы кімдерге және қалай беріледі