ҚМА: Қазақстаннан бензинді заңсыз шығарудың ірі схемалары әшкереленді

Сурет: ҚР ҚМА баспасөз қызметі
Қаржылық мониторинг агенттігі (ҚМА) елден жанар-жағармай материалдарын заңсыз шығаруға қарсы жүргізіліп жатқан жұмыстардың нәтижесін жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомствоның мәліметінше, жыл басынан бері ҚМА Ішкі істер министрлігі мен ҰҚК Шекара қызметімен бірлесіп, жанар-жағармай материалдарын Қазақстаннан заңсыз әкетудің 712 әрекетінің жолын кескен. Сонымен қатар мұнай өнімдерінің заңсыз айналымы мен контрабандасы деректері бойынша сегіз сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған.

ҚМА дерегінше, Маңғыстау облысында 2022 жылдан бері жұмыс істеп келген заңсыз шағын мұнай өңдеу зауыты анықталды. Тергеу барысында кәсіпорынның 28,5 мың тоннадан астам есепке алынбаған мұнайды өңдегені белгілі болды. Өндірілген өнім кейін мазут ретінде рәсімделіп, шетелге экспортталған.

Ал Түркістан облысында мемлекеттік шекара астымен арнайы қазылған тоннель арқылы Өзбекстанға бензин тасымалдаған трансұлттық қылмыстық топтың қызметі тоқтатылды. Аталған іс бойынша кінәлілер ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырылған.

Бұдан бөлек, АИ-92 маркалы бензинді Қырғызстанға контрабандалық жолмен шығарумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысты тергеу аяқталды. Тергеу мәліметтері бойынша, заңсыз экспортталған жанармай көлемі 190 мың тоннадан асып, оның жалпы құны 37 миллиард теңгені құраған.

Сондай-ақ "Түрксіб" станциясында бензинді заңсыз тасымалдаудың кезекті әрекеті тоқтатылды. Шамамен 500 тонна бензин тиелген сегіз теміржол цистернасы ұсталды. Құны 138 миллион теңге болатын тәркіленген жанармай мемлекет кірісіне өткізілді.

Айта кетейік, бұған дейін Ішкі істер министрлігі Қазақстаннан бензинді заңсыз шығаруда қолданылатын түрлі айла-тәсілдер туралы мәлімет таратқан болатын.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспийдегі оқу-жаттығу кезінде 19 әскери қызметшіні теңізге ағызып әкетті: тоғызы қаза тапты

Шымкентте перинаталдық орталық пен әуежайдың екінші ұшу-қону жолағын салуға 33,5 млрд теңге бөлінді

Димаш Құдайберген егде жастағы жанкүйеріне қол ұшын созды

Жамбылда шибөрілер ауыл ішіне кіре бастады

Алматыда Қала күні қайда, нені тамашалауға болады