Алматының қақ ортасында жер астынан от шықты

Фото: Zakon.kz/Екатерина Елисеева
Алматының Алмалы ауданындағы Гагарин көшесі мен Қабанбай батыр көшесінің қиылысында жер астынан кенеттен жалын шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға 24 маусым күні болған. Бұл туралы 2026 жылғы 25 маусымда Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

"Күннің екінші жартысында Гагарин және Қабанбай батыр көшелерінің қиылысында жер асты коммуникацияларынан өрт шыққаны туралы хабар түсті. Оқиға орнына дереу полиция қызметкерлері, өрт сөндірушілер, апаттық қызмет мамандары мен энергетиктер келді. Тәртіп сақшылары қауіпті аумақты қоршауға алып, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етті. Ал өрт сөндірушілер жалынды ауыздықтау жұмыстарына кірісті", – делінген хабарламада.

Алдын ала мәлімет бойынша, оқиғаға жер асты инженерлік желілеріндегі қысқа тұйықталу себеп болуы мүмкін.

Өрт жедел түрде сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Еске салайық, 14 маусым күні Алматының Әуезов ауданында трансформаторлық қосалқы станса өртенген болатын.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда самокаттарға тротуармен жүруге тыйым салынады

Қазақстандағы лудомандар саны 700 мың адамға дейін жетті

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

"Қазақстанда 1 млн адам лудоман" деген ақпаратты Туризм министрлігі жоққа шығарды

Елордада жеткізу қызметін пайдаланып алаяқтық жасаған азамат ұсталды