Түркістан облысында жол апатынан бір әулеттің бес қызы көз жұмды

Фото: primeminister.kz
Түркістан облысында жантүршігерлік жол апатынан бір әулеттің бес баласы ажал құшты. Ауыл арасындағы жолда жүйткіген жеңіл көлік қас-қағым сәтте ағашқа соғылып, қақ ортасынан бөлінген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бүтін бір ауылдың үрейін ұшырған жол апаты Түлкібас ауданында болды. Ағашқа соғылған жеңіл көліктің сау тамтығы қалмаған. Қақ ортасынан бөлініп, темірі жан-жаққа ұшыпты.

КТК дерегіне сүйенсек, темір тұлпарды тізгіндеген қыз 11 сыныпты биыл ғана бітірген. Өкінішке қарай, оқиға орнында бес қыз тіл тартпай кетті. Барлығы бір әулеттің балалары. Салонда болған алты баланың тек біреуі ғана аман қалған. Бұл жағдайдан Еңбекші ауылының тұрғындары есеңгіреп қалған.

Қазір жедел жәрдем көлігімен жансақтау бөліміне жеткізілген баланың жағдайы белгісіз. Әзірге дәрігерлер оның денсаулығына қатысты қандай да бір ақпарат берген жоқ. Ал полиция қызметкерлері бес қыздың өмірін қиған жол апатына байланысты қылмыстық іс қозғады.

"Қазір оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу ажүргізілуде. Тергеу қорытындысы бойынша тиісті процессуалдық шешім қабылданады. Полиция жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға және жолда барынша мұқият болуға шақырады".Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі:

Бұған дейін Астанаға кіреберісте есірткі курьері ұсталғанын жазғанбыз.

Қазақстан
Түркістан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің функциялары кеңейді

Конституциялық реформа жөніндегі комиссия құрамының тізімі жарияланды

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

Аптап ыстық пен жоғары өрт қаупі: 30 маусымға арналған дауылды ескерту жарияланды

Жүргізуші куәлігін заңсыз берген мамандандырылған ХҚКО қызметкерлері ұсталды