Қазақстан Халық Кеңесінің жұмысына бөлінетін 1,7 млрд теңгенің есебі айтылды

Здание Курултая, Курултай РК, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.09.2026 16:30 Фото: quryltai.kz
Қаржы вице-министрі Абзал Бейсенбекұлы 2026 жылғы 17 қыркүйекте Құрылтайда өткен брифингте Қазақстан Халық Кеңесіне бөлінетін 1,7 млрд теңгенің қандай мақсаттарға жұмсалатынын және оның өкілдерінің нақты жалақысы неге жарияланбайтынын түсіндірді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

БАҚ өкілдері Қазақстан Халық Кеңесінің қызметіне бөлу жоспарланған 1,7 млрд теңгенің неге жұмсалатынын сұрады.

"Бұл соманы кеңес құрамындағы адамдардың санына бөлу дұрыс емес. Өйткені қаражат тек жалақыға ғана емес, өңірлерге баруға, халықпен кездесулер өткізуге, сессияларды ұйымдастыруға, іссапар шығындары мен қоғамдық тыңдауларға да жұмсалады. Бұл – Қазақстан Халық Кеңесінің бүкіл жұмысын ұйымдастыруға арналған қаражат, – деді Абзал Бейсенбекұлы.

Ол аталған сомадан еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесіне сәйкес жалақы төлеу де қарастырылғанын айтты.

Журналистердің Қазақстан Халық Кеңесі өкілдерінің нақты қанша жалақы алатыны туралы нақтылау сұрағына вице-министр бұл мәліметті жариялай алмайтынын жеткізді.

"Тағы да қайталап айтамын: еңбекақы бюджет қаражаты есебінен ұсталатын қызметкерлерге ақы төлеу жүйесіне сәйкес төленеді. Бұл жүйедегі мәліметтер қызмет бабында пайдалануға арналған ақпаратқа жатады. Сондықтан кімнің қанша жалақы алатыны туралы егжей-тегжейлі ақпаратты жариялай алмаймын, – деді ол.

2026 жылғы 10 қыркүйекте Құрылтайдың 2027 жылға арналған бюджетінде қандай шығыстар көзделгені белгілі болған еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: