Астанада құрылыс нысанынан 2 млн теңгенің құрал-саймандарын ұрлаған күдікті ұсталды

Фото: polisia.kz
Астана қаласы полиция департаментінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ірі көлемдегі ұрлыққа қатысы бар деген күдікпен 40 жастағы ер адамды анықтап, ұстады.

Тергеу барысында күдіктінің құрылыс нысанына еркін кіріп, ешкімнің назарын аудартпай, жалпы құны 2 млн теңгеге жуық құрылыс құрал-саймандарын жасырын жымқырғаны анықталды.

Ұрланған мүліктің қатарында Bosch құрылыс шаңсорғышы, бұрыштық тегістеуіш, бұрағыш, электр бұрғысы және құрылыс жұмыстарына арналған қоспалар болған. Қылмыстың салдарынан жәбірленушіге елеулі материалдық шығын келтірілді. Полицейлердің жедел әрі үйлесімді жұмысының нәтижесінде күдіктінің жеке басы қысқа мерзімде анықталып, ол қолға түсті.

Қазіргі уақытта оның ұрланған мүлікті сатып үлгерген-үлгермегені және басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Полиция құрылыс компаниялары мен азаматтарды мүліктің сақталуына ерекше назар аударуға шақырады. Құрылыс нысандарын бейнебақылау жүйелерімен жабдықтау, бағалы құрал-саймандарды қараусыз қалдырмау және бөгде адамдардың кіруіне жол бермеу – осындай құқық бұзушылықтардың алдын алудың ең тиімді шараларының бірі.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін