Алматыда күтпеген жерден маневр жасаған жүргізуші жол апатына себеп болды

Сурет: Zakon.kz
Алматыда жеңіл автокөлік пен мотоциклдің қатысуымен жол-көлік оқиғасы тіркелді. Апат Майлин көшесінде Огорев пен Тбилиск көшелерінің арасында болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Куәгерлердің айтуынша, Changan маркалы автокөлік жолдың ортаңғы жолағымен келе жатқан. Ал оның оң жағымен BMW S1000 RR маркалы мотоцикл қозғалып бара жатқан.

Сурет: Zakon.kz

Алдын ала мәлімет бойынша, Changan жүргізушісі оң жақ жолаққа ауыспақ болған кезде мотоциклге жол бермеген.

Сурет: Zakon.kz

Мотоцикл жүргізушісі соқтығысудың алдын алуға тырысқанымен, апаттан құтыла алмаған.

Сурет: Zakon.kz

Соққыдан кейін мотоцикл жүргізушісі мен оның жолаушысы жолға құлап түскен.

Сурет: Zakon.kz

Зардап шеккен екі адам да түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді.

Сурет: Zakon.kz

Қазір жол апатының нақты мән-жайы мен себептерін жол полициясының қызметкерлері анықтап жатыр.

Сурет: Zakon.kz

Бұған дейін Алматыда жол апаты болып, адамдар зардап шегіп, жеке үй мен электр бағаны да бүлінгенін жазғанбыз.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық таеквондошы Қытайдағы халықаралық турнирде қола медаль иеленді

"Экономикадағы әрбір алтыншы теңге көзден таса қалуда". Сарапшы экономиканың бақыланбайтын тұстарын атады

Жасанды бал сатқандарға 20 тамыздан бастап қомақты айыппұл салынады

ҰБТ-2026: ең жоғары балл, тест тілі және нәтижесі жойылған талапкерлер туралы

Ұлттық қордың жинағы қаншаға артады – Үкімет болжамы