Алматыда ауыр жол апаты болды. Адамдар зардап шегіп, жеке үй мен электр бағаны да бүлінді

Жол апаты, Алматы, Покрышкин, Гетте, 30 маусым, Toyota Camry, Hongqi E-QM5, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.06.2026 22:36 Сурет: Zakon.kz
Алматыда Покрышкин мен Гетте көшелерінің қиылысында жол апаты орын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Куәгерлердің айтуынша, Toyota Camry көлігі Гетте көшесімен солтүстік бағытта келе жатқан. Осы уақытта Hongqi E-QM5 Покрышкин көшесімен батысқа қарай жылжыған.

Жол қиылысы алдында "Тоқта" белгісі орнатылған, бірақ Hongqi жүргізушісі, алдын-ала ақпарат бойынша, тоқтамай, Тoyota Camry-мен соқтығысқан.

Жол апаты, Алматы, Покрышкин, Гетте, 30 маусым, Toyota Camry, Hongqi E-QM5, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.06.2026 22:36

Сурет: Zakon.kz

Қатты соққыдан Toyota Camry шетке ұшып түскен: көлік дөңгелектері жұлынып алды, содан кейін ол жеке үйдің қоршауын жартылай жапырып өткен.

Өз кезегінде Hongqi E-QM5 электр желісінің бағанына соғылып, оны бүлдірген.

Жол апаты, Алматы, Покрышкин, Гетте, 30 маусым, Toyota Camry, Hongqi E-QM5, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.06.2026 22:36

Сурет: Zakon.kz

Апат салдарынан Toyota Camry-дің екі жолаушысы зардап шекті. Олар облыстық ауруханаға жеткізілді.

Жол апаты, Алматы, Покрышкин, Гетте, 30 маусым, Toyota Camry, Hongqi E-QM5, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.06.2026 22:36

Сурет: Zakon.kz

Оқиға орнында жол полициясының қызметкерлері жұмыс істеуде, ЖКО-ның барлық мән-жайлары алда анықталатын болады.

Сондай-ақ, электр желілерінде болған ақауды жою үшін мамандар шақыртылғаны да белгілі.

Жол апаты, Алматы, Покрышкин, Гетте, 30 маусым, Toyota Camry, Hongqi E-QM5, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.06.2026 22:36

Сурет: Zakon.kz

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: