ШҚО-да демалыс күндері 1500-ге жуық жол қозғалысы ережесін бұзу дерегінің жолы кесілді

Фото: pexels
Өткен демалыс күндері Шығыс Қазақстан облысының полиция қызметкерлері күшейтілген режимде қызмет атқарды. Жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында тәртіп сақшылары апат қаупі жоғары учаскелер мен тұрғындар көп шоғырланатын демалыс орындарында бақылауды күшейтті.

Патрульдік жасақтардың жұмысы икемді кесте бойынша ұйымдастырылып, жолдардағы ахуал тұрақты түрде талданып отырды. Бұл тәсіл тәуекелі жоғары бағыттарға жедел ден қоюға, патрульдеу бағыттарын уақытылы өзгертуге және күш пен құралдарды тиімді орналастыруға мүмкіндік берді.

Жүргізілген профилактикалық іс-шаралардың нәтижесінде жол қозғалысы ережелерін бұзудың 1489 фактісі анықталды. Ескерту және түсіндіру жұмыстарына қарамастан, кейбір жүргізушілер заң талаптарын өрескел бұзып, өз өмірі мен өзге жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігіне қауіп төндіруде.

Демалыс күндері полицейлер Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабы бойынша көлік құралын мас күйінде басқарудың 12 дерегін тіркеді. Сонымен қатар көлік құралын басқару құқығынан айырылған адамның мас күйінде қайтадан рөлге отырған бір фактісі анықталды. Аталған құқық бұзушылық Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 346-бабына сәйкес қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады.

Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және өрескел құқық бұзушылықтардың жолын кесу мақсатында 22 автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды. Полиция департаменті өңір жолдарындағы құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстардың тұрақты негізде жалғасатынын атап өтті.

Тәртіп сақшылары жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, жолда мұқият болуға және өзара сыйластық танытуға шақырады. Жолдағы қауіпсіздік – әрбір жол қозғалысына қатысушының ортақ жауапкершілігі.

Қазақстан
Өскемен

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жамбыл облысында Құрылтай сайлауы белсенді өтуде

Атыраудың күші: рекордшы сайлау учаскесі алдында КамАЗ көлігін сүйреді

Ақтөбелік шебер Әбілқайыр ханның мөрін қайта жасап шықты

Тоқаев жаңа қоғамдық әдеп қалыптастыру қажеттігін айтты

Сайлаушылардың көңіл күйі жақсы: "СОЦИС-А" супервайзері Жезқазғандағы экзитпол қалай өтіп жатқанын айтты