Мемлекеттік қызметкер букмекерлік кеңселерге 106 млн теңгеден астам бюджет қаржысын жұмсаған

Фото: freepik
Батыс Қазақстан облысы әкімдігі Ветеринария басқармасының Казталов аудандық ветеринариялық станциясының бас бухгалтері 106 млн теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметінің 2026 жылғы 8 шілдедегі мәліметінше, сотталушы мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген тұлға бола отырып, 2021–2025 жылдары бюджет қаражатын жалақы, сауықтыру жәрдемақысы және іссапар шығындары ретінде заңсыз өз шотына аударып отырған.

"Соның салдарынан ол 106 647 070 теңгені жымқырып, бұл қаражатты букмекерлік кеңселер арқылы ойындар мен бәс тігуге жеке мақсатында пайдаланған", – делінген сот хабарламасында.

Сотта айыпталушы өз кінәсін толық мойындады. Келтірілген залал өтелмеген.

Сот оны кінәлі деп танып, 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған мүлкі тәркіленіп, өмір бойына мемлекеттік қызметте, судья және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында қызмет атқару құқығынан айырылды.

Бұдан бөлек, сот 105 736 100 теңге көлеміндегі азаматтық талап-арызды қанағаттандырды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Еске салайық, 2026 жылғы маусымда Мәжіліс депутаты Нұрлан Әуесбаев Қазақстанда құмар ойынға тәуелді азаматтардың саны 700 мың адамға жеткенін мәлімдеген болатын.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін