Бес жылға сотталған "Атамекен" ҰКП-ның бұрынғы басшысы Абылай Мырзахметов бостандыққа шықты

Сурет: ortcom.kz
2024 жылы алаяқтық жасағаны үшін бес жылға сотталған "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бұрынғы төрағасы Абылай Мырзахметов бостандыққа шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл ақпаратты бүгін, 2026 жылғы 28 шілдеде Павлодар облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті растады.

"Аталған сотталған азамат сот үкімі негізінде қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтеді. Кейіннен сот шешімімен жазаның өтелмеген бөлігі бас бостандығын шектеу жазасына ауыстырылды. Бостандыққа шыққаннан кейін ол пробация қызметінің есебіне қойылды. Сот шешімінен туындайтын барлық шектеулерді, міндеттер мен талаптарды, оның ішінде ҚР аумағынан тыс жерге шығуға салынған тыйымды сақтауға міндетті", – делінген хабарламада.

ҚАЖ департаментінің мәліметінше, пробация қызметкерлері Абылай Мырзахметовке жүктелген міндеттер мен шектеулердің сақталуын тұрақты бақылап, жүйелі тексерулер мен өзге де бақылау шараларын жүргізіп жатыр.

2024 жылғы 13 мамырда Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Абылай Мырзахметовті аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танып, бес жылға бас бостандығынан айырған еді. Сондай-ақ ол 10 жылға жергілікті өзін-өзі басқару органдары мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқару құқығынан айырылды. Сот қылмыстық жолмен алынған 5,8 млрд теңгені мемлекет кірісіне тәркіледі.

Іс материалдарына сәйкес, Абылай Мырзахметов 2022 жылғы мамыр-қазан аралығында Б. есімді азаматты ақшалай сыйақы үшін оның бауырын қамаудан босату және сотқа дейінгі тергеуді тоқтату мәселесін шеше алатынына сендірген. Ол мұны мемлекеттік және құқық қорғау органдарының жоғары лауазымды тұлғалары арқылы жүзеге асыруға уәде берген.

Нәтижесінде жалған қарыз шарттарын рәсімдеу арқылы 13,9 млрд теңгені алаяқтық жолмен иемденген.

Қазақстан
Мырзахметов Абылай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Президент: "Заң мен тәртіп" тұжырымдамасы – еліміздің жарқын болашағын құрудың маңызды тетігі

Алматыда самокаттарға қатысты рейдтер жалғасып жатыр

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

Қазақстанда салық нысандарының бірі жаңартылады