"Нұрай Серікбайдың өлімі": Сотта Шерхан Аймахан оқиғаға қатысты өз нұсқасын айтты

Фото: Zakon.kz
2026 жылғы 28 шілдеде Шымкент қаласындағы Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты сот отырысында күдікті Шерхан Аймахан қанды оқиғаға қатысты өз нұсқасын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

КТК дерегіне сүйенсек, күдікті жетпіс алты рет қоңырау шалмадым, оған уақытым да жоқ деп ақталды. Кінәсін мойындамаған. Бес жыл бұрын бассейнге құлап, басын ұрып алғанын, апталап есін жоғалтып жүре беретінін айтты. Алайда Нұрайға қай уақытта қанша ақша аударғанын қателеспей, тізіп айтып берді.

Сотта ол тек диагнозы үшін кешірім сұрады. Бірақ сот-психиатриалық сараптама бұған дейін оның сау екенін растайтын анықтама берген. Ал көлігіндегі екі аңшы қаруын үш жыл бұрын аңға шыққанда ет кесуге қажет деп сатып алғанын айтты. Күдікті Нұрайды өлтірген сәтте аффект жағдайында болғанын жеткізді. Алайда аффект сөзінің мағынасын түсіндіріп бере алмады.

"Мен қоштасамын дегеннен кейін Нұрай көкірегімнен ұрып, боқауыз сөздер айтқаннан кейін, менің қалтамда пышақ сезілді. Екі пышақ болғаннан кейін кішкентай пышағымды алып, Нұрайға ұсынғанмын. "Ұрғанша, пышақта" деп айтқан болатынмын. Ол пышақты алып, сол қолымен, былай, оң тұсыма пышақ сұққан кезде, мен артқа шегініп қалған болатынмын. Мен аффект жағдайында, жан күйзелісі алдында болып жүріп, сол жердегі сәтім есімде. Әрі қарай есімде жоқ". Шерхан Аймахан, күдікті:

Еске сала кетейік, қанды қылмыс 11 қаңтар күні болған. Кешқұрым Шымкенттің қақ ортасында 21 жастағы Нұрай Серікбайды танысы пышақтап, оқиға орнынан қашып кеткен еді. Күдікті арада екі күн өткенде ұсталған.

Қазақстан
Шымкент

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

Ерлан Қарин: Жаңа Конституция ел дамуындағы жаңа тарихи кезеңді бастайды

Қазан айында ел азаматтары қанша күн демалады

"Үсік жүріп, тұман түседі". Синоптиктер еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялады

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы