Еліміздің оңтүстігіндегі тауларда ер адам досының көз алдында бақилық болды: ТЖМ арнайы операция жүргізді

Сурет: Zakon.kz
ТЖМ құтқарушылары Түркістан облысының тауларында авиацияны пайдалана отырып, арнайы операция жүргізді. 2400 метр биіктікте туристерге көмек қажет болды, олардың бірі көмек келгенге дейін хәл-күйінің нашарлауына байланысты қайтыс болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы құзырлы ведомствоның баспасөз қызметі 2026 жылы 29 шілдеде хабарлады. Төтеншеліктердің мәліметінше, қайғылы оқиға Түркістан облысы, Төлеби ауданындағы Ақсу-Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығының аумағында орналасқан, теңіз деңгейінен 2400 метр биіктіктегі Шүнкілдек асуында орын алды.

Оқиға туралы хабарлама ер адамнан келіп түсті. Ол таулы аймақта бірге болған досының денсаулығы күрт нашарлап, қайтыс болғанын хабарлаған. Өзі де жағдайының нашарлауына байланысты таудан өздігінен түсе алмай, құтқарушылардың көмегіне мұқтаж болған.

Оқиға орнына ТЖМ күштері мен құралдары дереу жіберілді. Құтқару жұмыстарына ТЖМ-нің "Қазавиақұтқару" АҚ тікұшағы да жұмылдырылды.

"Тікұшақтың көмегімен жетуі қиын таулы аймақтан 1993 жылы туған ер адам эвакуацияланды. Оны қауіпсіз жерге жеткізгеннен кейін жедел медициналық жәрдем бригадасының дәрігерлері қарап, қажетті медициналық көмек көрсетті. Госпитализация қажет болмады. Сондай-ақ таудан 1978 жылы туған ер адамның денесі түсірілді". ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Алдын ала мәлімет бойынша, ол денсаулығының күрт нашарлауы салдарынан қайтыс болған.

ТЖМ Қазақстан азаматтарына таулы аймаққа шығар алдында жақындарыңызға баратын бағытыңыз туралы алдын ала хабарлаңыз, ауа райы болжамын ескеруді, өзіңізбен бірге байланыс құралдарын, жеткілікті мөлшерде су, дәрі қобдишасы мен қажетті дәрі-дәрмектерді алып жүру қажеттігін ескертеді.

Түркістан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандықтарға басқа өңірге көшу үшін 7 млн теңгеге дейін беріледі

Мемлекеттік қызметшілердің жеке істерін жүргізу тәртібі өзгертілді

Шымкент – "Кітап оқитын ұлт" жобасына алғашқы болып қосылған өңірлердің бірі

Бейнекамералар мен жол қауіпсіздігі: ІІМ ұсынуынан кейін қандай шаралар қабылданды

ШҚО-да махаббаттан басталған оқиға сотпен аяқталды