Павлодарда сәбиімен келе жатқан әйелдің үстіне мұз кесегі құлап түсті: полиция оқиғаның мән-жайын анықтады

Сурет: бейнежазба скриншоты
Павлодарда көпқабатты тұрғын үйдің балконынан құлаған мұз кесегі 25 жастағы әйелдің басына тиіп, ауыр жарақат алған оқиғаға қатысты жаңа мәліметтер белгілі болды. Полиция жүргізген тексеру барысында оқыс оқиғаға 12 жастағы қыздың қатысы бар екені анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Павлодар облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, жедел тексеру шаралары кезінде мұздың қалай құлағаны анықталған.

"Белгілі болғандай, 12 жастағы қыз бала балконда тұрған кезде жабысып қалған мұзды сындыруға әрекет жасаған. Сол сәтте мұз қолынан абайсызда сусып кетіп, төменге құлап, дәл сол маңнан өтіп бара жатқан әйелдің басына тиген. Оқиғадан кейін балалар қатты қорқып, болған жағдайды ересектерге айтпаған және ата-аналарынан жасырып қалған",- деп түсіндірді полицейлер.

Құзырлы орган өкілдері кәмелетке толмаған қыздың заңды өкілдеріне қатысты тиісті процессуалдық шаралар қабылданғанын атап өтті.

"Баланың тәрбиесіне тиісінше көңіл бөлмегені үшін оның ата-анасы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ата-анасы болған жағдайды толық мойындап, өкініш білдірді". Павлодар облыстық ПД баспасөз қызметі

Айта кетейік, оқиға 2026 жылғы 8 шілдеде болған. Алайда бұл туралы тек бірнеше күн бұрын әлеуметтік желілерде жарияланғаннан ақпараттан кейін ғана белгілі болды. Оқиға кезінде 25 жастағы әйел үш жасар қызымен бірге дүкенге бара жатқан. Кенет жоғарыдан құлаған ауыр мұз кесегі оның басына тиіп, қатты соққыдан әйел ауырсынған күйі еңкейіп қалған. Сол сәтте қолындағы балалар арбасын жіберіп алып, арба еңіске қарай домалап кеткен.

Басына қатты соққы тиіп, қан көп кеткеніне қарамастан, анасы дереу арбаның соңынан жүгіріп барып, оны тоқтатып, сәбиін аман алып қалған. Дәрігерлер әйелді ауруханаға жеткізіп, оған бас миының шайқалуы және басының соғылып-жыртылған жарақаты диагнозын қойған. Жарақатын тігу үшін дәрігерлер алты тігіс салуға мәжбүр болған.

Қазақстан
Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Нөсер жаңбыр жауып, үсік жүреді". Еліміз бойынша 5 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Қазақстанда әскери билеттерді беру тәртібі өзгерді

5 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Ақтөбеде неке сарайында бұрынғы күйеуі пышақтап кеткен әйелдің екі баласы жетімдер үйіне орналастырылды

Павлодар облысында оқушы қыздар зорланған