Соттың ақпаратына сүйенсек, азамат өзінің тұрғылықты мекенжайында алкогольдік масаң күйде анасына сыйламаушылық танытып, былапыт сөздер айтып, отбасы тыныштығын бұзған.
"Сот, азаматтың іс-әрекетінде Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73-бабының 2-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтың құрамы бар деп таныды",- делінген ақпаратта.
Жазаны тағайындау кезінде кінәні мойындау және өкіну жеңілдететін мән-жай ретінде есепке алынып, оның жауаптылығын ауырлататын мән-жайларға жыл ішіндегі біртекті әкімшілік құқық бұзушылықты қайталап жасауын таныды.
"Сот қаулысымен азамат Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73-бабы 2-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған 10 (он) тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды",- делінген сот үкімінде.
Бұған дейін желі арқылы табыс таппақ болған екі қазақстандық TikTok-та бірін-бірі соққыға жыққанын жазғанбыз.