Іс-шара барысында жол қозғалысы ережесін бұзудың 815 дерегі анықталды. Техникалық байқаудан өтпеген, алкогольдік масаң күйде көлік басқарған, сондай-ақ көлік құралын басқару құқығынан айырылған жүргізушілердің көлік басқару фактілері анықталды.
Бұдан бөлек, көлік құралдарын заңсыз қайта жабдықтаудың 30 фактісі және қауіпсіздік белдігін тақпауға қатысты 208 құқық бұзушылық тіркелді. Барлық құқық бұзушы қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылды.
Тексеру қорытындысы бойынша, көлік құралы мамандандырылған айып тұрағына қойылды.
Полиция тасымалдаушыларды және жол қозғалысына қатысушылардың барлығын заң талаптары мен жол қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Өйткені азаматтардың өмірі мен денсаулығы осыған тікелей байланысты.