Алматы тауларындағы төтенше оқиға: ресейлік қос альпинист жарақат алды

Сурет: pixabay
Бүгін, 31 шілдеде "112" пультіне күрделілік санаты әртүрлі бағыттар бойынша шыңға көтеріліп бара жатқан спорттық альпинистік топтардың құрамындағы РФ-ның екі азаматын шұғыл эвакуациялау қажеттігі туралы хабарлама түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, 2002 жылғы алғашқы альпинист әйел Алматы облысының Қарасай ауданындағы Октябрёнок шыңына көтерілу кезінде аяғын сындырып алған. Ал 1992 жылғы екінші альпинист әйел Талғар ауданындағы Маяковский шыңына көтерілу барысында жарақат алған.

"Құтқару операциясын жүргізу үшін оқиға орнына ТЖМ "Барыс" республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары, Алматы қаласы ТЖД Құтқару қызметінің мамандары және Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері Ми-8 тікұшағымен жедел аттанды. Алдымен тікұшақ теңіз деңгейінен 4208 метр биіктікте орналасқан Маяковский шыңынан 34 жастағы альпинист әйелді эвакуациялады. Кейін әуе кемесі теңіз деңгейінен 3480 метр биіктіктегі Октябрёнок шыңына бағыт алып, аяғы сынған 24 жастағы қызды эвакуациялады. Құтқару операциясы аяқталған соң тікұшақ Алматы қаласындағы №4 қалалық клиникалық аурухананың тікұшақ алаңына қонды. Зардап шеккендер қажетті медициналық көмек көрсету үшін дәрігерлерге тапсырылды". ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Жұмыстар аса күрделі биік таулы жағдайда жүргізілгені, тікұшақ экипажы дәл есеп жүргізіп, тік жартасты беткейлер арасындағы шектеулі алаңдарға сәтті қонып, зардап шеккендерді қауіпсіз эвакуациялауды қамтамасыз еткені де нақтыланады.

Алматы облысы
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан семсерлесуден әлем чемпионатын бір медальмен аяқтады

Балаларды мектепке дайындауға 23 млрд теңге бөлінеді

Астанада сарапшылар жасанды интеллект, медиа және электоралдық мінез-құлықтың жаңа үрдістерін талқылады

Алматы ICCA әлемдік рейтингінде бірден 10 сатыға көтерілді

Алдағы демалыс күндері Алматы жәрмеңкелерінде 300 тоннаға жуық ет, көкөніс пен жеміс-жидек сатылады