"Мені жіберіңіздер!": Полиция мен жасөспірім арасындағы келеңсіз оқиға Қазнетте қызу талқылануда

Фото: Zakon.kz
Желіде Атырау қаласы әкімдігі алдындағы алаңда полиция қызметкерлері мен жасөспірімнің қатысуымен болған оқиғаның видеосы тарап, көпшіліктің талқысына түсті. Атырау облыстық ПД қоғамда резонанс тудырған бұл оқиғаға қатысты түсініктеме беріп, шын мәнінде не болғанын баяндап берді.

Бейнежазбада бірнеше полиция қызметкерінің жасөспірімді балаларға арналған электрлі ойыншық көліктен күштеп түсіруге әрекеттеніп жатқанын көруге болады. Ал жасөспірім қарсылық танытып, "Мені жіберіңіздер!" деп айқайлаған.

Полиция департаментінің мәліметінше, әлеуметтік желіде тараған видео оқиғаның тек бір бөлігін ғана көрсетеді және болған жағдай туралы толық түсінік бермейді. Тәртіп сақшылары әкімдік алдындағы алаңда балаларға арналған шағын көліктерді жалға беру қызметінің заңдылығын тексеру үшін тұрғындардың өтініші негізінде барған.

Тексеру барысында кәмелетке толмағандардың бірі тәркіленуге тиіс көлікке әдейі отырып алып, полиция қызметкерлерінің заңды талаптарын орындаудан бас тартқан.

"Полиция қызметкерлері бірнеше рет ескерту жасағаннан кейін ғана процессуалдық әрекеттерді жалғастыру үшін жасөспірімді көліктен түсіруге мәжбүр болды. Бұл ретте оған қатысты арнайы құралдар да, өзге де күш қолдану шаралары да пайдаланылған жоқ", – деп мәлімдеді полиция өкілдері Zakon.kz тілшісіне 2026 жылғы 2 тамызда.

Сонымен қатар, тексеру барысында жасөспірімнің түнгі сағат 23:00-ден кейін көшеде ересектердің қарауынсыз жүргені анықталған. Осыған байланысты ол полиция басқармасына жеткізіліп, заңды өкілі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары балалар көліктерін жалға беру қызметінің заңдылығын тексеруді жалғастырып жатыр. Ведомство мәліметінше, оқиғаға қатысқан барлық тараптың әрекетіне құқықтық баға беріледі.

Қазақстан
Атырау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Нөсер жаңбыр жауып, үсік жүреді". Еліміз бойынша 5 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Қазақстанда әскери билеттерді беру тәртібі өзгерді

5 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Ақтөбеде неке сарайында бұрынғы күйеуі пышақтап кеткен әйелдің екі баласы жетімдер үйіне орналастырылды

Павлодар облысында оқушы қыздар зорланған