Желдің екпіні секундына 28 метрге жетіп, шамамен 374 мың тұрғыны бар қаланың бір бөлігі жарықсыз қалды, ағаштар құлап, жолдарды су басты. Ахмирово елдімекенінде, 19-ықшам ауданда, Аэропорт ауданында, Шмелев Лог ауданында, "Болашақ" ықшам ауданында және басқа да жерлерде электр жарығы уақытша өшті.
"Қалада 25-ке жуық ағаш құлап, 25 мың абонент жарықсыз қалды. Барлық жедел бригадалар табиғаттан келген зардаптарды жою жұмыстарын жүргізіп жатыр. Электр қуаты мүмкіндігінше қысқа мерзімде беріледі", деп хабарлады қала әкімдігінен.
Қала тұрғындары әлеуметтік желіде дауылдың салдарын сипаттайтын кадрлармен бөлісіп, мұндай ірі бұршақты алғаш рет көріп тұрғандарын да айтуда:
"Қазіргі уақытта қала әкімі көшелерді аралап, қолайсыз ауа райының салдарын жою жұмыстарының барысын жеке бақылауда. Құлаған ағаштарды жинау, жолдарды тазарту және коммуналдық қызметтердің әрекетін үйлестіру жұмыстары жалғасуда", деп атап өтті Өскемен әкімдігінен.
Ал қала тұрғындары әлеуметтік желіде бұршақтың суреттерімен бөлісіп, кімдікі үлкенірек екенін салыстырып бағуда.