Ақтауда екі қатарласынан әлімжеттік көрген мектеп оқушысы ауруханадан бір-ақ шықты

Фото: Zakon.kz
Ақтауда екі жасөспірім 14 жастағы мектеп оқушысына әлімжеттік жасап ұрып-соққан. Олар бұл әрекетін видеоға түсіріп, жазбаны оның досына қорқыту мақсатында жіберіпті. Басынан жарақат алған зардап шеккен бала қазір Маңғыстау облыстық балалар ауруханасында жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

КТК телеарнасының ақпаратына сүйенсек, жәбірленушінің туыстары кінәлілерді қатаң жауапқа тартуды талап етеді.

Ақтоты Ахметқызының айтуынша, таңға жақын інісі Әбіш дүкенге шыққан. Аулада оны екі жасөспірім әңгімеге тартқан. Кейін олар баланы ұрып, телефонын тартып алып, оның атынан сол үйде тұратын досына жазыпты. Алайда жолдасы сыртқа шықпаған соң, жасөспірімдер жазықсыз баланы төмпештеп, аяусыз ұра жөнелген. Тіпті бейнежазбаны досына жіберіп: "Егер шықпасаң, досыңды осылай ұрып-соғамыз", – деп қорқытқан. "Інім өзінің жолдасы мен басқа жасөспірімнің өзара кикілжіңі үшін жазықсыз таяқ жеп отыр" – дейді Әбіштің әпкесі.

Зардап шеккен жасөспірім Маңғыстау облыстық балалар ауруханасына жеткізіліп, компьютерлік томографиядан және басқа да медициналық тексерулерден өткізілген. Дәрігерлер оның басынан ауыр жарақатты анықтап, шұғыл түрде ауруханаға жатқызды. Өңірлік полиция департаменті аталған оқиғаға қатысты қылмыстың іс қозғалғанын мәлімдеді.

"Мұндай әрекет ауыр қылмыс ретінде сараланады және оны жасағаны үшін заңнамада қылмыстық жауапкерішілік көзделген. Жанжалға қатысқан барлық тұлға анықталып, заңды өкілдерімен бірге полиция бөлімшесіне жеткізілді. Барлық тергеу әрекеттері жүргізілуде. Кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін олардың заңды өкілдері заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ материалдар кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқығын қорғау жөніндегі комиссияға қарау және өз құзыреті шегінде шара қабылдау үшін жолданды".Әйгерім Ибатуллаева, Маңғыстау облысы полиция департаментінің баспасөз хатшысы:

Бұған дейін Ақтөбеде банк карталарын заңсыз айналымға енгізген күдікті ұсталғанын жазғанбыз.

Қазақстан
Ақтау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

Ерлан Қарин: Жаңа Конституция ел дамуындағы жаңа тарихи кезеңді бастайды

Қазан айында ел азаматтары қанша күн демалады

"Үсік жүріп, тұман түседі". Синоптиктер еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялады

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы